×

Бесінші қазақстандық боксшы да финалға шықты

Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп - 4:1.

 Халық үні 12.05.2023 | 21:40
ашық дереккөзден

Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты.

Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты.

Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп - 4:1.

Осылайша, 80 келіге дейінгі салмақта финалда қос қазақ - Нұрбек Оралбай мен қытайлық Тоқтарбек Таңатхан алтын жүлдені сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама