Halyq Uni логотип
×

Алматы облысындағы бір отбасының 5 адамының неден көз жұмғаны белгілі болды

Қайтыс болған адамдардың қанынан карбоксигемоглобин табылды. Бұл олардың газдан уланғанын көрсетеді

 Халық үні 12.05.2023 | 19:36
Алматы облысындағы бір отбасының 5 адамының неден көз жұмғаны белгілі болды
Фото: Sputnik

Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлашы ауылындағы бір отбасының 5 адамының өліміне қатысты жасалған сараптама қорытындысын жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі бойынша тұрғын үйдің  ауасынан 1,1-1,3 милиграмм шамасында улы газ анықталған.

«Қайтыс болған адамдардың қанынан карбоксигемоглобин табылды. Бұл олардың газдан уланғанын көрсетеді. Тексеру және зертханалық деректер негізінде газдан улану диагнозы қойылды», - делінген сообщили санитарлық-эпидемиологиялық  қызметтің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлашы ауылында бір отбасының 5 адамы қайтыс болғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама