Ол жауапқа тартылады
Абай облысындағы колонияға ішімдік лақтырмақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Абай облысы ҚАЖД-ның №20 жедел бөлім қызметкерлері ішке тыйым салынған затты лақтырмақ болған күдіктіні ұстады.
Семей қаласының тұрғыны колонияға 2 пластикалық бөтелкені (барлығы 1 литр) лақтырмақ болған. Затты тексеру барысында оның спирттік иісі бар сұйықтық екені анықталды. Ол тәркіленді.
Әңгіме барысында Дәулет (аты өзгертілген) тыйым салынған затты колониядағы сотталған адамға бергісі келгенін мойындады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгінде тәркіленген сұйықтық сараптамаға жіберілді, - деді жедел бөлім қызметкері Әділет Құлатаев.