×

Алматы облысында басқарма басшысы қамауға алынды

Ол бюджет қаржысын өз қалауына жұмсаған

 Дәурен Ерболат 12.05.2023 | 17:35
Фото: Halyq Uni

Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы мемлекет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикордың Алматы облысы бойынша департаменті.

Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысына және басқа да адамдарға сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Шенеунік қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Биыл 30 сәуірде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды, - деп жазылған хабарламада.

Басқарма мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың үкімі шыққанға дейін сотталушы кінәсіз болып саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама