Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты (ВИДЕО)
Ол енді алтын жүлдеге таласады
Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың 48 келі салмақтағы өкілі Санжар Тәшкенбай финалға шықты.
Ол жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Ширек финалда Санжар Тәшкенбай жапон боксшысы Казумо Аратакені жеңген еді.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының сапында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) барды. Осылардың ішінен жартылай финалға Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Нұрбек Оралбай (80 кг шықты.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әлемдік жарыстың көніне екі еселенген мөлшерде сыйақы қойылады. Ол 5,2 млн АҚШ доллары сомасы болады. Чемпионатта алтын жүлдегерлер 200 мың доллар алса, күміс медаль иегеріне 100 мың доллар, қола жүлдегерге 50 мың доллар мөлшерінде қаржы тапсырылады. Бұған дейін әлем чемпионатының осыншама көлемдегі сыйақысы болған емес. 2021 жылы Сербияның астанасы – Белградта өткен әлемдік дода ол 2,6 млн АҚШ доллары болған еді. Сол кезде алтын жүлденің иесіне 100 мың, күміс медалиске 50 мың, ал қола жүлдегерге 25 мың доллары тапсырылған.
Биылғы чемпионаттың жекпе-жектері 1 мамырда басталды. Жарыстың 1/32, 1/16 және 1/8 іріктеу шайқастары 1-9 мамыр аралығында, ширек финалдық ұрыстары 10 мамырда болды.
Бүгін Ташкенттің «Хумо» аренасында жартылай финалдық сайыстар болып жатыр. Ал ертең және арғы күні финалдық айқастары болады.
Қолда бар мәліметке қарағанда, жартылай финалға Өзбекстанның 9 боксшысы шығыпты. Одан кейін Куба мен Ресейден алты-алты былғары қолғап шебері жолда алған. Ал біздің елдің құрамасынан бес спортшы ½ финалға шықты.