Halyq Uni логотип
×

Қазақстаннан Түркияға 54,4 миллиард теңге аударылған

Одан кейін Ресей мен Өзбекстанға көп ақша жіберілген

 Дастан Жұмабекұлы 12.05.2023 | 10:21
Қазақстаннан Түркияға 54,4 миллиард теңге аударылған
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк биыл қаңтар мен наурыз айлары аралығында 182,9 млрд теңге көлемінде қаражаттың аударылғанын хабарлады.

Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 3,5% аз.

Қаңтар мен наурыз аралығында шетелге аударылған қаражат көлемінің азаюы былтырдан бері байқалып отыр. Транзакциялар саны, керісінше, 28,2% өсіп, 530,2 мың болды. Бұл бір аударымның орташа көлемін 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы 458,3 мың теңгеден 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 344,9 мың теңгеге дейін қысқартты.

Қазақстаннан халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ең көп қаражат Түркияға жіберілген. Түрік еліне 54,4 млрд теңге аударылған. Бұл – 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда, 4% артық. Одан кейінгі орында Ресей тұр. Бұл елге биыл бірінші тоқсанда 48,1 млрд теңге жіберілді. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бірден 68,9% көп.

Үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді. Оған 32,3 млрд теңге жіберілген. Бұл – бір жыл бұрынғыдан 15,5% аз.

Қазақстаннан Грузияға (18,7 млрд теңге) және Қырғызстанға (6 млрд теңге) қомақты қаражат жіберілді. Грузияға жөнелтілген ақша аударымы 40,3%-ға өссе, Қырғызстанға керісінше бірден 5,5 есе азайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама