Шаруаларға арзан дизель беретін пилоттық жоба іске қосылды

Дәурен Ерболат

Бұл салада ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Фото: sknews.kz

Gosagro.kz-те арзандатылған дизель отынын бөлудің функциясы пайда болды. Пилоттық жоба СБМАЖ-дың басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базасымен интеграциялануы нәтижесінде іске қосылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде пилоттық режимде Қостанай және Жамбыл облыстарының фермерлері жанар-жағармайға өтінім беріп жатыр. Қызметті пайдалану кезінде қате болмас үшін жаңа функция сынақтан өткізілуде, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ СБМАЖ-дағы автоматтандырылған процесс «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының деректері негізінде алқап картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер арқылы автоматты түрде белгіленеді және фермер үшін agropak.kz порталында көрсетіледі.