Бүгін ауа райы қандай болады?
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауады
Қазақстанның 11 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз батыс, солтүстік аумақта найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз өңірдің оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.
Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының орталығында, батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең аймақтың солтүстік жартысында тұман болады. Күндіз облыстың орталығында, батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында топырақ беті қатып, үсік жүреді, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны -3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Көкшетауда түнде топырақ беті қатып, үсік жүреді, сынап бағаны -3 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.
Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, Алакөл ауданында 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп болжанады, түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны -1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Облыстың шығысында түнде солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Петропавлда түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады