Алматы облысында Қытайдан келген қандастарға жалған құжат жасап берген тұрғын сотталды
Ол жоғары әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға қатысты еңбек кітапшаларын сатумен айналысқан
Қазақстанның барлық азаматтарына, оның ішінде отанына оралған қандастарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Алайда, мемлекеттік көмекті теріс пайдаланатын фактілері де кездеседі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Алматы облысында 1971 жылы туылған азамат Исхан Ұланды анықтады. Ол Қытайдан келген қандастарға жоғары әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған еңбек кітапшаларын дайындаумен және сатумен айналысқан.
Тексеру барысында ҚХР түрлі ұйымдарының мөртабаны мен мөрінің жалған баспа-таңбалары, нотариустың мөрі мен қолы бар нотариаттық бланкілері, кесуге арналған станок және оның көмегімен жасалған жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер), басқа да заттар табылды және тәркіленіп алынды. Исхан Ұлан сотталды.