Halyq Uni логотип
×

«Байқоңырды» жалға беру құны неге өспейді? - вице-министр жауап берді

Бүгінде қос мемлекет ғарыш саласында тиімді байланыс орнатқан

 Дәурен Ерболат 11.05.2023 | 13:50
«Байқоңырды» жалға беру құны неге өспейді? - вице-министр жауап берді
Фото: Shutterstock

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағының жалға беру құнын неге өсірмей отырғанын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Байқоңыр» Кеңес заманынан мұраға қалды. Ұшыру кешенінің өзі нақты зымыран тасығыштар үшін жасалған. Онымен тек зымыран тасығыштарды пайдалануға болады. Оларды басқа мақсатта пайдаланудың баламасын табу мүмкін емес, техникалық тұрғыда», - деді министрдің орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Мәлік Олжабеков ғарыш айлағы Ресейге 2050 жылға дейін жалға берілгенін атап өтті.

Біз тиімді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде ғарыш айлағының қызметі де бар. Сондай-ақ біз (зымыранды) ұшырағаннан кейін экологиялық жағдайға мониторинг жүргізе бастадық. Осы тұрғыда екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән беріп отырмыз, - деді вице-министр.

Сондай-ақ ол «Байқоңыр» ғарыш айлағының жалға беру құны неге өзгермегенін түсіндірді.

Бүгінде («Байқоңырды») жалдау құны – жылына 115 млн доллар. Инфляцияны назарға алсақ, төлем доллармен жүретінін ескеру қажет. (Төлем) ұлттық валютада болса да, (доллардың) ағымдағы бағамы ескеріледі. Теңгедегі баға 1994 жылдан бері айтарлықтай өсті, - деді Мәлік Олжабеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама