×

Жалақыны уақтылы төлемеген кәсіпорын басшыларына 64,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Еңбек инспекторлары 11,4 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғады

 Динара Амантай 11.05.2023 | 13:13
Фото: ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,4 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 426 кәсіпорнында 13,6 мың қызметкердің алдында жалақы бойынша 2,6 млрд теңгеден аса берешекті анықтаған.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 445 нұсқама беріліп, 64,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,4 мыңнан аса қызметкердің құқығы қорғалды. Оларға 2,1 млрд теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама