Halyq Uni логотип
×

Петропавлда 69 жер пайдаланушысының кесірінен жергілікті шенеунік ескерту алды

Прокуратура жер заңнамасының сақталуын тексерді

 Динара Амантай 11.05.2023 | 12:30
Петропавлда 69 жер пайдаланушысының кесірінен жергілікті шенеунік ескерту алды
Фото: Halyq Uni

Жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер заңнамасының сақталуын тексеру шеңберінде Петропавл қаласының прокуратурасы өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін беру кезінде уәкілетті органдар қолданыстағы ережелерді елемей, пайдалану үшін беруге жатпайтын ауданы 0,0150 гектар жер учаскесінің бір бөлігін заңсыз берген.

Мәселен, Петропавл қаласы прокурорының актісі бойынша аукционнан тыс берілген жалпы құны 172 миллион теңге болатын 6,8 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Анықталғандай, бұл жер учаскесі құрылыс салушылардың біріне әкімдіктің 2021 жылғы маусымдағы қаулысымен көпқабатты тұрғын үйлер салу үшін конкурстан тыс инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген.

Алайда мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау ережелері тек 2022 жылдың қаңтарынан бастап (яғни, жер учаскесі берілгеннен соң 6 айдан кейін) қолданысқа енгізілді. Осылайша, инвестициялық жоба мүлде болған жоқ.

Басқа жағдайда, қаланың 69 жер пайдаланушысы тарапынан жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары бойынша сомаларды төлеу бойынша шарттық және салық міндеттемелерін орындамау фактілері бойынша мемлекет бюджетіне 119 млн теңге өндірілді.

Облыстың Әдеп жөніндегі кеңесі мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапты лауазымды адам «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама