Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Халық үні

Бұл қызметке Дархан Ахмедиев келді

фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Бұған қоса Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды.

ДАРХАН АХМЕДИЕВ

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, «Болашақ» стипендиясының иегері (King's London college).

Еңбек жолын 2012 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ талдаушысы ретінде бастаған. 2013-2015 жылдары төтенше жағдайлар министрлігінде, ІІМ төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеді. Кейін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып қызмет етті. 2019 жылы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне кірісті.

2020 жылы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ІТ даму департаментінің директоры болды. Әрі қарай, ведомствоның ішкі қайта ұйымдастыру нәтижесінде 2020 жылғы 20 қарашадан бастап цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры болды.