Пешеварда радионың ғимаратына шабуыл жасалды
Пәкістанда Үкіметтің бұрынғы басшысы Имран Хан мен қауіпсіздік органдарының өкілдері арасында қақтығыс жалғасып жатыр. Қазір жағдай ушығып тұр.
Елдің Қауіпсіздік қызметі Имран Ханды тұтқындаған соң бұрынғы премьер-министрдің жақтастары мен халық наразылыққа шығып, оның соңы қақтығысқа ұласты. Бұрынғы премьердің жақтастары бірнеше әскери базаны басып алған. Енді олар Үкіметті басып алуға әрекет етіп жатыр.
Пешеварда Пәкістан радиосының ғимаратына шабуыл жасалды. Ал бұрынғы премьер Имран Хан 8 күнге қамалды.