×

Қазақстан «Сбер» платформасынан бас тартты

Платформаны отандық IT компаниялар жасайтын болды

 Ербол Тұрымбет 15.04.2022 | 11:45
фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақиннің айтуынша, платформаны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-қа кіретін компаниялар құрастырып жатыр. 

Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты өзіміздің басқа да тәжірибелерімізді қарап, «ҰАТ» АҚ деген біздің мемлекеттік органға кіретін институт арқылы өз күшімізбен жасаймыз. Яғни, жүйе қазақстандық IT компаниялардың күшімен жасалады. Оған қатысты қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр, – деді Жамбақин. 

Оның сөзінше, жалпы отандық жүйеге 2-3 жылда көшеміз. Жыл соңына дейін алғашқы қызметтері шыға бастауы тиіс. 

Айта кетейік, былтыр 3-қыркүйекте Шығыс экономикалық форумы аясында премьер-министр Асқар Мамин мен СБЕР компаниялар тобының басшысы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Онда Қазақстанның цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделі әрі «Data-Driven Government» тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру көзделген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама