«Атамекен» ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алып жатқан сәтте ұсталды - БАҚ

Халық үні

Абылай Мырзахметов 30 миллион долларды, яғни 13 миллиард теңгеден астам қаражатты алып жатқан сәтте ұсталған

ашық дереккөзден

 

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлады Press. kz. 

Абылай Мырзахметов  өткен жылы ақпанда Аблай Мырзахметов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқама төрағасы қызметінен кеткен болатын.  Бұл туралы ол өз атына түскен сынмен келісетінін айтып, Ұлттық палатаның кезектен тыс IX съезінде мәлімдеді.

Бұл туралы мемлекеттік органдардағы сенімді дереккөзден белгілі болды. Ол 30 миллион долларды, яғни 13 миллиард теңгеден астам қаражатты алып жатқан сәтте ұсталған.