Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры желідегі ақпаратқа түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинағын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан алуға болатыны жайында ақпарат тарап жатыр.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры желідегі ақпаратқа түсініктеме берді.
«Заңнамаға сәйкес, жинақталған зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады», – делінген хабарламада.