Полиция істі тергеп жатыр
Талдықорғанда кәмелетке толмаған баланы тонады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Бұл дерек бойынша жасөспірімнің анасы арыз жазды. Ол 17 жастағы ұлын ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған белгісіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қалалық полицияға жеткізді.
Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас құқықбұзушылық жасағаны үшін сотталған ер адам болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 191-бабына сәйкес («Тонау») іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.