Жыл сайын шенеуніктер Парламентке есеп беруге тиіс
Мәжілістегі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан жемқорлықпен күрес туралы есепті талап етті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлық сіз бен бізден тек қана ақша ұрлап отырған жоқ, уақыт пен болашақты да ұрлап отыр. Атап айтсақ, біздің балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр.
Млрд-тарды ұрлағаны үшін адам 6 жыл алса, 3 жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылса, бұл әділетті ме? Ал журналистік қызметпен айналысатын адам 9 жыл алады.
Көптеген адам өзінің ұрлаған байлығын көрсетуден ұялмайды. Бұл – халыққа түкіру! Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ жауымыз!
Біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар үнемі жарияланып жатыр, бірақ олар туралы есепті көрмейміз», - деді депутат Нұрлан Әуесбаев.
Оның пікірінше, қазақстандық шенеуніктер халықтың қызметшісі ретінде емес, қожайын ретінде әрекет етсе, ешқандай реформа сәтті шықпайды.
Сондықтан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары төмендегі шешімдерді талап етеді: