Аталған көлік құралдары үшін қаладағы инфрақұрылымды дамыту маңызды
Заң аясында сомакатпен жүк пен жолаушы тасымалдауға болмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Құжат аясында самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек, - деді Екатерина Смышляева Мәжілістің жалпы отырысында.
Депутаттың айтуынша, самокат тебетіндер үшін арнайы жолдар мен жолақтар жоқ.
Жекеменшік электр самокаттардың көбеюін, Қазақстан нарығында кикшеринг сервисінің пайда болуын ескерсек, осындай көлікке бейімделмеген, бұрыннан бар инфрақұрылымға түсетін жүктеме жақын арада артады. Сондықтан жедел түрде негізгі ережелерді енгізу қажет, - деді Екатерина Смышляева.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте самокатка қатысты заң қабылданды.