Halyq Uni логотип
×

Беларусьте қылмыс жасап сотталған 2 қазақстандық елге қайтарылды

Қазір олар Астана қаласының тергеу изоляторында

 Динара Амантай 10.05.2023 | 10:45
Беларусьте қылмыс жасап сотталған 2 қазақстандық елге қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь сотымен бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының 2 азаматын беру туралы сұранысын қанағаттандырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұсталғандардың біреуі Беларусьте аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, ал екіншісі жеке құжаттарды ұрлағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді.

Қазір олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама