Тоқаев Путинмен маңызды кездесу өткізді
Екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, өзара құрмет пен екі ел халықтарының мүддесіне негізделген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызды бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.