Көптеген сынақтар жобаның тиімділігін дәлелдеді
Қостанай қаласы физика-математика лицейінің оқушылары егіс алқабын бүркіп суаратын Komilekc деп аталатын жоба ойлап тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
11-сынып оқушылары Сергей Трефилов пен Александр Цюпайдың айтуынша, бұл механизм далалық құрылғылардың тиімділігін бірнеше есе арттыруға көмектеседі.
Интеллектуалды жүйе мұнай негізіндегі отынның орнына электр қуатын пайдаланады. Қазіргі заманғы GPS жүйелері, қауіпсіз препараттар, сондай-ақ ақылды маршрутты есептеу мен сұйықтық шығынының алгоритмдері артады. Жоба аясында егіс алқабына шығып, көптеген сынақтар өткізген болатынбыз, барлығы да бұл жобаның тиімділігін дәлелдеді, – деді қостанайлық оқушылар.
Сергей Трефилов пен Александр Цюпай бала кезден информатика, модельдеу және робототехникаға әуес және осы салада өздерін шыңдап жүр. Олар Халықаралық цифрлық форум көрмесіне қатысып, республикалық әлеуметтік жобалар конкурсының жүлдегері атанды.