Ондағы бауырластар зиратына президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамырда Ресейге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасына жазды.
Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген, - деп хабарлады Руслан Желдібай.
Бұл ретте ол Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысқанын да атап өтті. Ал ең бастысы...
«Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады. Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған», - деді ол.