Halyq Uni логотип
×

«700 мың теңге»: Қазақстанда қай салада жалақы жоғары

Ең көп жалақы тау-кен өндіру саласында

 Халық үні 07.05.2023 | 19:56
«700 мың теңге»: Қазақстанда қай салада жалақы жоғары
Фото: aikyn.kz

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы жоғары салалар мен өңірлерді атады. Бұл туралы статистика бюросы ресми сайтында хабарланды. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңгені құраған. 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда биыл өсім 19,3 пайызды құраса, нақты мәнде – 0,6 пайыз төмендеген.

Медиандық жалақы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсандағы бағалау бойынша 225 736 теңгені құраған.

2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда биыл орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі құрылыста – 34,5 пайыз, ақпарат және байланыста– 30,3 пайыз, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2 пайыз салаларында байқалған.

2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі биыл көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалған – 8,6 пайыз.

Салалар бойынша орташа жалақыны ең жоғары мөлшері:

Тау-кен өндіру саласында – 766 555 теңге;

қаржы және сақтандыру секторында – 602 114 теңге;

ақпарат және байланыс саласында (541 218 теңге) байқалған.

Орташа жалақының ең төменгі деңгейі:

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге;

ауыл, орман және балық шаруашылығында (179 388 теңге) байқалған.

Өңірлер бойынша 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелген. Өсім 29,4 – пайыз. Сондай-ақ орташа айлық жалақының ең жоғары мөлшері де Атырау облысында тіркеліп отыр – 618 420 теңге.

Орташа айлық атаулы жалақының ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында –11,9 пайыз, ал ең төменгі жалақы мөлшері СҚО-да (241 102 теңге) тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама