×

Мысырдағы пирамидаларды тамашалау құны шарықтап шыға келді

Министрлік мұны ел валютасының құнсыздануымен түсіндіріп отыр

 Еркеғали Болатұлы 07.05.2023 | 13:39
фото: novyefoto.ru

Мысырда көптеген музей мен археологиялық музейге кіру билеті қымбаттайды.

Жергілікті Masrawy басылымының мәліметінше, билет құнын қымбаттату екі кезеңмен жүреді: 1 мамыр және 1 маусымда, бағаның өсуі – 1,3-1,5 есе болады.

Атап айтқанда, Луксордағы Патшалар мен патшайымдар зиратханасын көру құны қазірдің өзінде өсіп кетіпті, - деп хабарлады Tengritravel.kz.

Тек Хургада мен Шарм-әл-Шейхте ғана бағалар сол күйі, бір шетелдік туриске – 200 фунт.

Мысырдың Туризм министрлігі мұны ел валютасының құнсыздануымен түсіндіріп отыр. Ал кіріс артефакттарды қалыпқа келтіруге, жаңа музейлер салуға және туристерге ұсынылатын қызмет сапасын арттыруға жұмсалады.

Көне мұралар ісі бойынша кеңестің бас хатшысы Мустафа Вазири жаңа бағалар шетелдік азаматтарға ғана қатысты екенін нақтылап өтті. Ал жергілікті халық үшін баға әдеттегідей әжептәуір төмен болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама