×

Шекарадан алтын алып өтпек болған шымкенттік ұсталды

Тауардың алдын ала құны – 41 148 000 теңге

 Наима Нұрәлі 07.05.2023 | 13:02
фото: dengi.ua

Күдікті Шымкент әуежайында қолға түсті. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Кеденшілер 4 мамырда кешкі сағат 18:10 шамасында «Шымкент-Ыстамбұл» әуе рейсін тексеру барысында заңсыз қымбат металды шетелге әкетудің жолы кесті. Алтын құймалардың жалпы салмағы – 1,434 келі. Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша тауардың алдын ала құны 41 148 000 теңгені құрайды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 234-бабы, 1-бөлігі («Экономикалық контрабанда») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 80 айлық есептiк көрсеткiшке (276 мың теңге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.

Күдіктінің мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама