«AlanParking» ЖШС - Алматыдағы ақылы тұрақтардың операторы
Алматы қалалық тергеу сотының шешімімен «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев екі айға қамауға алынды. Әзірге Базарбаевты қай іс бойынша күдікке ілінгені айтылған жоқ.
Белгілісі, сотқа дейінгі тергеу орган тарапынан «AlanParking» ЖШС басшысын қамауға өтініш түскен, соның негізінде қамау туралы шешім шығарылған.
Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі органның өтініші қанағаттандырылды. Екі айға қамауға алу санкциясы берілді, - делінген сот хабарламасында.
«AlanParking» ЖШС - Алматыдағы ақылы тұрақтардың операторы. Негізгі міндеті – қаладағы ақылы тұрақтар жүйесін жүргізу және қызмет көрсету.
Былтыр желтоқсанда «AlanParking» компаниясының» Алматының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-сына тиесілі 30% үлесін «RR2» ЖШС сатып алды.