Азғын балабақша меңгерушісінің 15 жастағы ұлы болып шықты
Ташкенттегі балабақша Бас прокуратураның назарына ілікті. Балабақша меңгерушісінің ұлы күн сайын дайындық тобындағы балалармен оңаша қалатын болған. Қорқытып-үркітіп, төрт қызды шешінуге мәжбүрлеген.
Жасөспірім қыздардың денесіне қол жүгірткен. Арасында балалардың біреуі айғалап жібергенде меңгерушінің ұлы ол жерден қашып кеткен.
Балалар кешке барлығын ата-анасына айтып берген. Ал олар құқық қорғау органдарына арызданды. Қыздардың ата-анасы балалар жатқан бөлмеде камера орнатылмағанын, тергеу күні кіреберістегі камера кенет істемей қалғанын айтады.
Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.