×

«Емтихан материалдары сатылады»: Назарбаев зияткерлік мектебінің басшысы түсініктеме берді

Білім ұйымының басшысы оқушыларға білім беру кезінде адалдық пен ашықтық принциптерін қатаң ұстанатындарын да айтты.

 Халық үні 07.05.2023 | 08:33
ашық дереккөзден

«Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім ұйымының басшысы Әнуар Жанғозин әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Соңғы кезде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» түлектері тапсыратын емтихан материалдары сатылатыны туралы хабарламалар тарап жатыр.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін атап өткім келеді. Біздің мектептерде оқушыларды бағалау рәсімдерін өткізуге арналған кез келген емтихан материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді. Емтихан материалдарын әзірлеу кезінде құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік шаралары сақталады, бұл өз кезегінде материалдардың таралып кетпеуін қамтамасыз етеді», - дейді Жанғозин.

Білім ұйымының басшысы оқушыларға білім беру кезінде адалдық пен ашықтық принциптерін қатаң ұстанатындарын да айтты.

«Сондай-ақ мұндай әрекеттер біздің ережелерді өрескел бұзу ретінде қарастырылатынын, оқу орнынан/жұмыстан дереу шығаруға және кейіннен заңнамалық деңгейде жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін екенін атап өткім келеді», - деп атап көрсетті Жанғозин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама