Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Оларға қатысты іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.
ҰҚК жауабында Мәсімов пен Сәдіқұловты қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін, Ерғожинді қауамда ұстау мерзімі 8 мамырға дейін ұзартылғаны айтылған.
Сонымен қатар ҰҚҚ төрғасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтің қамауға алу мерзімін ұзарту туралы материалдар прокуратураға жіберілді.
Қазір күдіктілер тергеу изоляторында отыр. Оларға қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деген белгімен тергеліп жатыр.
Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр.
- «Мемлекетке опасыздық жасау»;
- «ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер»;
- «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер»;
- «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану»;
- «Пара алу».