«Қарсыласының өзі қол шапалақтады»: Ташкентте қазақстандық боксшы алғашқы айқасында жеңіске жетті

Халық үні

Жекпе-жектен кейін румыниялық боксшының өзі қол шапалақтап Дулаттың айқын басымдығын мойындады. 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін, 6 мамырда Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Дулат Бекбауов бірінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалдық айқаста 67 келіде өнер көрсететін Дулат румыниялық Андрей Мустетпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Бекбауов қарсыласын анық басымдықпен жеңді. 

Айта кетейік, жекпе-жектен кейін румыниялық боксшының өзі қол шапалақтап Дулаттың айқын басымдығын мойындады.