×

Колледждерде жаңа мамандық пайда болды

Жаңа біліктілікке даярлау Алматы және Астана қалаларында, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады

 Динара Амантай 06.05.2023 | 14:35
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық колледждерде ТКШ саласы үшін жаңа мамандық пайда болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің мәліметінше, елімізде алғаш «Хаус-мастер» біліктілігі бойынша кадр даярлау басталған. Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында қазір жаңа мамандық бойынша 25 адам білім алып жатыр.

Департамент директоры Ернат Жүнісовтың айтуынша, студенттер электр-газбен дәнекерлеуші, сантехник және жарықтандыру жүйелерін монтаждау құзыреттерінің кең ауқымы бойынша білім алады.

Хаус-мастер біліктілігін даярлау тұрғын үйді басқару мамандар даярлау оқу орнының басым бағыты болады. Жаңа тәсіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың кәсібилігі мен құзыреттілігін арттырады, өйткені көпқабатты тұрғын үйлер салу және пайдалану өзекті мәселелердің бірі, – деді Ернат Жүнісов.

Бұл біліктілік «Қазақстан мен Өзбекстандағы тұрғын үй қорын басқаруды кәсібилендіру – PROMHOUSE» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобада тұрғын үйді басқару саласындағы кадрларды даярлауда серіктес елдердегі тұрғын үй саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процестеріне бизнесті тартуды арттыру міндеттері қарастырылған.

Айта кетсек, жаңа біліктілікке даярлау Алматы және Астана қалаларында, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама