Орташа айлық жалақысы жоғары өңірлер аталды

Динара Амантай

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы I тоқсандағы жалақы мөлшерін жариялады

Фото: Halyq Uni

Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңге болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі:

құрылыста – 34,5%,

ақпарат және байланыста– 30,3%,

тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды.

Ал нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 8,6%.

Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.

Атаулы мәнде Атырау облысындағы ең үлкен жалақы мөлшері – 618 420 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері СҚО-да241 102 теңге.