Halyq Uni логотип
×

Балтық жағалауы елдері Жеңіс күніне жиын өткізуге тыйым салды

Мұндай басқосулар халықты арандатушылыққа апаруы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 06.05.2023 | 09:44
Балтық жағалауы елдері Жеңіс күніне жиын өткізуге тыйым салды
фото: ашық дереккөз

Балтық жағалауы елдері Жеңіс күніне орай жиын өткізуге тыйым салуды қолға алды.

Әуелі Латвия Кеңес Одағы халқының ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін тойлаудан бас тартып, 9 мамырды Ресей қарулы күштерінің шабуылынан Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді еске алу күні деп жариялады. Осыған байланысты тиісті заң қабылдады.

Енді Эстония полициясы 5-9 мамыр аралығында жиын өткізуге тыйым салды. Полиция 5 мамырдан 9 мамырға дейін Харьюмаа, Ляэне-Вирумаа мен Ида-Вирумаада жиын ұйымдастыруға болмайтынын мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, мұндай жиындар Ресей мемлекетінің символикасын қолдану арқылы халықты арандатушылыққа апаруы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама