Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында қайғылы жағдай болды

Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 06.05.2023 | 00:57
Атырау облысында қайғылы жағдай болды
фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды polisia.kz

5 мамыр күні сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 64 шақырым тұсында жол апаты болғаны жөнінде хабар түсті.

Toyota автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылған.

Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама