Қазақстандық спортшы әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен қолғап түйістірді. Қарсыласы жастар арасында Еуропа чемпионы атанған.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Нұрбек Оралбай (80 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшы әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен қолғап түйістірді. Қарсыласы жастар арасында Еуропа чемпионы атанған.
Жекпе-жек барысында Нұрбек жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті.
Енді ел құрамасынан оның ағасы Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.