×

Павлодар облысында балық аулаған зейнеткер жауапқа тартылды

Ол тыйым салынған құралдарды пайдаланған

 Дәурен Ерболат 05.05.2023 | 14:18
Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Павлодар ауданында балық аулаған 63 жастағы зейнеткер заң алдында жауап береді, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

4 мамырда сағат 12:30-да Сычевка ауылының маңында заңсыз балық аулау дерегі тіркелді.

Ер адам резеңке қайыққа отырып, Ертіс өзенінде тыйым салынған құралдармен балық аулаған. Қабадамен (балық аулауға арналған құрал) салмағы 11 келі тартатын теңіз табаны балығын аулаған, - деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы Қайрат Сатыбаев.

Полицейлер 63 жастағы ауыл тұрғынына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 383-бабы 3-бөлігі («Тыйым салынған мерзімде тыйым салынған құралдармен немесе тыйым салынған орындарда балық аулау ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама