Бұл қызметке Ержан Сәрсенбай тағайындалды
Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағалығына тағайындалды.
Бұған дейін «Жасыл даму» басшысы Жанат Саматқызы лауазымын босатқан болатын.
ЕРЖАН СӘРСЕНБАЙ
2001-2006 жылдары – қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған;
2006-2007 жылдары – премьер-министр кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімі ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі;
2007-2010 жылдары – «Қазақстан Даму банкі» АҚ жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы;
2011-2014 жылдары – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ» несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры;
2015-2017 жылдары – ұлттық экономика министрлігі экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары;
2017-2021 жылдары – ұлттық экономика министрлігі мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры;
2021-2022 жылдары – «Қазақстанның мемлекеттік – жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы.