Қазақстан мен Тәжікстан жемқорлықпен бірігіп күреседі
Қос тарап тиімді байланыс орнатуға ниетті
Қазақстан мен Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Тәжікстан президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Тәжікстан Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директоры Сулаймон Султонзодамен кездесті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Асхат Жұмағалиев Орталық Азия өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы қос ел арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді қарым-қатынас орнатуға тілек білдірді.