×

Forbes әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшыларды атады

Криштиану Роналдудың соңғы 12 айдағы табысы 136 миллион долларға бағаланған

 Дастан Жұмабекұлы 04.05.2023 | 15:44
фото: ашық дереккөз

Forbes журналы әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшылардың рейтингін жариялады.

Рейтинг бойынша ең көп жалақы алатын ер спортшылар арасында бірінші орында Криштиану Роналду тұр. Былтыр Лионель Месси бірінші орында болған еді. Ол енді екіншіге түсті.

Америкалық журналдың мәліметіне қарағанда, португалдық сұрмерген Криштиану Роналдудың соңғы 12 айдағы жалпы табысы 136 миллион долларға бағаланған. Ол бұл соманың үштен бірін ғана – 46 миллион долларды футбол алаңында тапқан. Тағы 90 миллион долларды жарнамадан түскен табыстан алған.

Лионель Мессидің жылдық табысы өзгерген жоқ. Оның табысы былтырғы 130 миллион доллар болып қалды. Бұл ақшаның жартысы Adidas, Budweiser, PepsiCo және басқа брендтермен жасалған жарнамалық келісімшарттардан алынған.

Рейтинг бойынша 24 жастағы франциялық Килиан Мбаппе әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшылардың үштігіне енді. Ол былтыр 120 миллион доллар табыс тапса, оның 100 миллионы футбол алаңынан түскен.

Сондай-ақ рейтингте үш баскетболшы бар. Оның ішінде «Лос-Анджелес Лейкерс» командасының ойыншысы Леброн Джеймс (төртінші орын, 119,5 миллион доллар), «Голден Стэйт Уорриорз» сапындағы Стивен Карри (сегізінші орын, 100,4 миллион доллар) және «Феникс Санс» баскетболшысы Кевин Дюран (10, 89,1 миллион доллар) бар.

Рейтингті жасаған кезде Forbes 2022 жылдың 1 мамырынан 2023 жылдың 1 мамырына дейінгі аралықта спортшылардың жалақысы мен барлық жүлде ақшалары мен бонустарын есепке алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама