Halyq Uni логотип
×

Алматыда адвокат 7 жылға сотталды

Ол жұмыс істемей, ақша таппақ болған

 Дәурен Ерболат 04.05.2023 | 13:52
Алматыда адвокат 7 жылға сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматыда алаяқтық жасаған қорғаушыға сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Медеу ауданының №2 аудандық сотында Г. атты адамға алаяқтық және пара беруге шақырды деген айыппен қылмыстық іс қаралды.

Сот Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты бола тұра, жұмыс істемей, қызмет көрсетпей, шот-фактураларды бергені үшін Г.-ны қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Ол Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-190-бөлігі және 4-бөлігі 2-тармағы, 28-бөлігі, 4-367-бөлігі және 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама