Алматыда 13 мың ардагерге 50 мың теңгеден берілетін болды
9 мамырға орай оларға тиісті көмек көрсетіледі
Алматыда 13 мың ардагерге 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі. Бұл туралы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының тек 56 ардагері қалған. Оларға 1,5 млн теңге беріледі.
Сондай-ақ ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдарына қатысушыларға 50 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Олардың жалпы саны – 13 мың адам, - деді Серік Құрманғалиев өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.