Полиция тергеуді бастады
Алматы облысында арыстанның 2 күшігін (алан) асыраған 22 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
4 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ПД ҰҚҚКБ бірлесіп, сирек кездесетін жануарларды, яғни арыстанның 5 айлық екі аланын ұстаған 2001 жылғы А. атты азаматты ұстады. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі бойынша іс Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді.
Полицейлер экзотикалық аңдарды тәркіледі. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.