×

Алматыда «Қара Шапан» ерекше арт-нысаны ашылды

Салмағы – жарты тонна, диаметрі – 3,5 метр

 Динара Амантай 04.05.2023 | 10:52
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда «Қара Шапан» ерекше арт-нысаны ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қара Шапан» мүсінін қазақстандық суретші Сырлыбек Бекботаев жасаған. Үш метрлік шапан күйдірілген металды өріп жасалған. Салмағы – жарты тонна, диаметрі – 3,5 метр.

Автордың айтуынша, бұл мүсін кездейсоқ таңдалмаған, шапан – мәдени код. Ол қазақ және Орта Азия мәдениетіне бағыттайды. Онда көшпенділер құрмет, бірлік және өзара түсіністік символы ретінде шапанмен алмасып, одақтар мен уағдаластықтарды біріктіреді.

Алматы әкімдігінің қолдауымен суретшінің шығармашылық идеясын жүзеге асыруға меценаттар көмектескен.

Мүсінді Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама