Halyq Uni логотип
×

Боксшы Талғат Сырымбетов IBA басшысынан араша сұрады

Әділ шешімге үміттенемін, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 04.05.2023 | 10:42
Боксшы Талғат Сырымбетов IBA басшысынан араша сұрады
фото: ашық дереккөз

Боксшы Талғат Сырымбетов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жарыс жолынан шығып қалғаннан кейін Халықаралық бокс федерациясының президенті (IBA) Умар Кремлевтен араша сұрады.

Құрметті Умар Назарович, әлем чемпионатында Иордания өкілімен болған жекпе-жекті қайта қарауыңызды сұраймын. Әділ шешімге үміттенемін. Құрметпен, Талғат Сырымбетов, – деді ол.

Еске сала кетсек, Талғат Сырымбетов 1/16 финалда Иорданияның өкілі Мұхаммед Әбу-Жаджехтен жеңілген болатын.

Боксшымызды қыздар ұлттық құрамасының мүшесі Надежда Рябец, ұлттық құраманың боксшысы Санжар Тәшкенбай, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Елнұр Сүйінбай, жекпе-жек шебері Дастан Бекен, 57 келідегі Әзірбайжан құрамасының боксшысы Умид Рустамов қолдап, пікір жазды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама