Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Оралда тергеу соты 2 тұрғынды қамауға алды, деп хабарлады uralskweek.kz.
Сот Р., К. атты күдіктілерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазір іс бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр, - деп жазылған БҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полиция күдіктілерді қамауға алу туралы өтініш жолдағанын, ал Орал қаласының прокуратурасы оған келісім бергенін атап өтті. Бұл ретте қамауға алу бұлтартпау шарасы күдіктілерге ауыр қылмыс жасады деп айып тағылғанда әрі олар жасырынбау үшін қолданылады.
Бүгінде ер адам мен әйелге Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша (174-бап 1-бөлім «Араздықты қоздыру», 2000-7000 АЕК-ке дейін (6 млн 900 мың теңгеден 24 млн 150 мың теңгеге дейін) айыппұл түрінде не 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 180-бап 2-бөлім («Сепаратистік қызмет») бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) қылмыстық іс қозғалған.
Еске сала кетсек, биыл 11 ақпанда ресейлік блогер Пан Василь әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан. Әңгіме барысында Денис Рудный Орал Ресейдің қаласы екенін, Ресей Қазақстанға шабуыл жасаса, ресейліктерді қолдайтынын айтқан.
Видеодан әйелді де көруге болады. Блогер оған да бірнеше сұрақ қойған.
2 күннен кейін полиция екеуін де ұстап, олардың үстінен Қылмыстық кодекстің «Алауыздықты қоздыру» бабы бойынша іс қозғады.