×

Ақтөбе облысының бұрынғы бас экологы пара алғаны үшін сотталды

Нұржан Аққұл 400 мың теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталды

 Халық үні 14.04.2022 | 11:45
Нұржан Аққұл, фото: diapazon.kz

13 сәуірде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, оған 12 млн теңге сомасын айыппұл салынды.

Сонымен қатар, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Нұржан Аққұл былтыр 19 желтоқсанда Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін ұсталды. Ол параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама