Бүгін жел күшейіп, дауыл соғады
Оңтүстік, орталық және солтүстікте үсік жүреді
Синоптиктер 4 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның батысында нөсер жаңбыр, кей уақытта найзағай мен бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
Еліміз бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік-батысқа тұман түседі.
Түнде Алматы, Жетісу, Қостанай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1-6 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, таулы аудандарында жел екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, күндіз таулы аудандарда оның күші 30 м/с-ке жетеді.