Қару-жарақ жетпесе, «Вагнердің» жауынгерлері Бахмутты тастап кетуге мәжбүр болады, – деді ол
Ресей президенті Владимир Путиннің жеке аспазы, «Вагнер» әскери компаниясының қожайыны Евгений Пригожин Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылға шыққанын айтып, дабыл қағып жатыр.
Украина қарулы күштері қарсы шабуылға шықты. Бахмуттың маңында әуеден соққылар жасалып жатыр. Оларда адам саны есепсіз. Снарядтар да көп. Ал бізге Қорғаныс министрлігі артиллериялық қару-жарақты толығымен жеткізбей жатыр. Бізде бірнеше күнге ғана қару-жарақ қалды. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Егер жағдай осылай бола берсе, «Вагнер» жеке әскери компаниясының жауынгерлері Бахмутты тастап кетуге мәжбүр болады, – деді ол.
Қолда бар мәліметке қарағанда, Украина қарулы күштері шынында да қарсы шабуылға шыққанға ұқсайды. Олар дабыра қылмай, Запорожье облысында қарсы шабуылға шығып жатыр деген дерек бар.